Алматыдағы жер сілкінісі салдары: жарықшақтарды тұрғындар өздері жөндейді
Әкімдік жер сілкінісінен кейін тұрғын үйлерде пайда болған жарықшақтарды қалай жоятындарын түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қала әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, 23 қаңтардан бері тұрғындардан жер сілкінісінен кейін жарықшақтардың пайда болғаны туралы 188 шағым түскен, оның 70-і көпқабатты үйлерде.
Әкімдік бұл адамдардың өміріне қауіп төндірмейді деп сендіреді. Құрамына әкімдік өкілдері мен сарапшылар кірген жұмыс тобының бағалауынан кейін осындай қорытынды шығарылған.
«Бұл әдеттегі жөндеумен жабылатын қарапайым жарықтар. Көпқабатты тұрғын үй кешені, кондоминиум нысандары ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, өз қаражаты есебінен бұл жарықшақтарды жабады. Әлеуметтік инфрақұрылымға жататын нысандар бюджет қаражаты есебінен белгіленген тәртіппен қалпына келтірілетін болады», - деді Әмрин Алматы қаласының егжей-тегжейлі макетін таныстыру барысында.
Сондай-ақ ол осы айда ҚазҚСҒЗИ сарапшылары барлық 188 нысанға сараптама жүргізіп, ресми қорытынды беретінін айтты.
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
- «ҚазТАГ» және Freedom Finance ісі бойынша сот тергеуі аяқталды
- Трамп хуситтердің Сауд Арабиясында теңіз блокадасын бастау туралы мәлімдемесіне жауап берді
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды