Алматыдағы жекеменшік мектепте ер адам ұлының сыныптасын ұрып, тұншықтырған
Фото: instagram.com/lou.kamila
Алматыда жекеменшік мектепте ер адам сыныптасынан таяқ жеген ұлының қарсыласын өз бетінше жазаламақ болған. Ол үзіліс кезінде сыныпқа кіріп, мұғалім жоқта 6 жасар балаға шабуыл жасаған.
Бұл туралы зардап шеккен баланың анасы Instagram-дағы парақшасында жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жазба авторының айтуынша, мектеп оқушылары арасында төбелес болған, кейін өзі де, баласы да ата-аналар жиналысында кешірім сұраған. Содан кейін екінші баланың әкесі үзіліс кезінде мектепке келіп, екінші балаға қол жұмсаған.
"Баланың бәрі мектепте төбелеседі. Ол ұлымды ұрып жібермекші болған. Оның үстіне бұл оқиға мектепте үзіліс кезінде болды, ол сынып жетекшісі жоқ кезде сыныпқа кіріп, оны тұншықтырып, ұрып-соққан" деп жазды әйел.
Аудандық білім бөлімі директордың орынбасарына, сынып жетекшісіне, күзетшіге қатысты тиісті тәртіптік шара қабылдағанын хабарлады.
Алматы полиция департаменті бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қолданылатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Қауіпсіздік сақталмаған: Талдықорғандағы клиникада бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді
- Алматыда аялдамада белгісіз адам зейнеткерді есінен танғанша ұрды
- Зеленский: Украина Таяу Шығыс елдерімен бірге ұшқышсыз ұшатын аппарат шығарады
- Блогер Руслан Жанпейісов полицияға бағынбау ісі бойынша ақталды
- Президент БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті, Оман премьер-министрі орынбасарын марапаттады
- Кентауды нөсер жаңбырдан кейін су басты