Алматыдағы жанармай құю бекеттері бензинді кем құяды
Техникалық реттеу және метрология комитетіне Алматы қаласының тұрғыны қаладағы жанар-жағармай құю бекеттерінің бірінде бензиннің аз құйылып жатқаны туралы шағым түсірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Арызда аталған №132 жанармай құю бекеті «Газпромнефть-Қазақстан» ЖШС-не тиесілі.
Ведомство жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, жанармай құю бекетінде АИ-95-К4 маркалы 20 литр бензин сату барысында 100 миллилитр бензинді кем құйғанын анықтады.
Мұндағы қателік көлік багына құйылған жанармай көлемінің 4% аспауында болып отыр.
«№132 жанар-жағармай құю станциясында жанар-жағармайды қабылдау, сақтау және беру кезінде деңгей өлшегіштерді, металл эталонды, штангаларын және жанар-жағармай таратқыштарын пайдаландық. Өлшеу құралдарын тексеру кезінде біреуінен ауытқудың рұқсат етілген мөлшерден асып кеткені анықталды, яғни бұл құрылғы пайдалануға жарамсыз», деп түсіндірді департамент.
Заң талаптарын бұзғаны үшін «Газпромнефть-Қазақстан Оперейтинг Компани» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 3 145 600 теңге айыппұл салынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық