Алматыдағы шатырдан құлаған 7-сынып оқушысы – белгілі экологтың қызы екені анықталды
Фото: Ақорда
Алматыда көпқабатты үйдің шатырынан құлап қаза болған екі қыздың бірі танымал эколог Евгений Мухамеджановтың қызы болып шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін әлеуметтік желілерде Евгений Мухамеджанов өзінің Facebook-тегі суретін қара-ақ түске ауыстырып, жұртшылықты қайғысына ортақтасуға шақырғандай әсер қалдырды. Оның жұбайы, танымал суретші Балқия Мухамеджанова да шағын пост жариялап, отбасындағы ауыр жағдайды бөлісті.
«Біздің сүйікті қызымыз, кішкентай періштеміз көз жұмды. Сену мүмкін емес, бұл жалған» деп жазды ол.
Евгений Мухамеджанов – Қазақстандағы экология саласының белгілі сарапшысы, ECO Network жобасының жетекшісі. Оның айтуынша, ECO Network жобасына еліміздің жүздеген компаниялары мен оқу орындары қосылған. Олар экологиялық стандарттарды енгізіп, ел экономикасының декарбонизациясына елеулі үлес қосуда.
Бұл туралы Евгений Мухамеджанов 2024 жылдың мамыр айында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде айтқан болатын.
Оқиға туралы
Екі жас қыз көпқабатты үйдің шатырынан құлап, қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде ешқандай айқай-шу болмаған – тек денелердің жерге құлаған дыбысы естілген. Шатырдан табылған пышақтар, ұйықтататын дәрілер және басқа да заттар оқиғаның алдын ала жоспарланғанын меңзейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық