Алматыдағы нөсер жаңбыр мен екпіні күшті жел: мектеп пен колледждің шатырына зақым келген
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда кеше, 28 наурызда кешке қарай күн күрт бұзылды. Нөсер жауын жауып, екпіні күшті жел соқты, соның саладарынан қалада 26 ағаш құлаған.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 29 наурыз таңға дейін барлық учаске тазартылып, құлаған ағаштар кесіліп, шығарылған.
28 наурыздағы ауа райының күрт нашарлауы мен екпіні секундына 18-24 метрге дейін жететін желден Ақсай-4 шағын ауданындағы №132 мектеп шатырының кей жері ұшып кеткен.
Мектеп 1988 жылы салынған, кейінгі күрделі жөндеу 2007 жылы жүргізілген.
Мердігер ұйымдардың күшімен каникул аяқталғанға дейін шатырға жөндеу жүргізіледі.
Бостандық ауданындағы құрылыс және менеджмент колледжінің шатырына аздап зақым келгені белгілі болды. Оны ғимарат иелері қалпына келтіреді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық