Алматыдағы Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші басқа жерге қойылмақ
Фото: 2GIS
Сәтбаев Университетінің алдында орналасқан Қаныш Сәтбаевтың ескерткішінің орнына амфитеатр орнатпақшы, деп хабарлайды Orda.kz.
Ескерткішті Satbayev University кіреберісіне 50 метрге жақындатып, орнына ғылыми және мәдени іс-шараларға арналған ашық амфитеатр салу жоспарланып отыр. Жоба президенттің тапсырмасы бойынша әзірленді.
«Бұған дейін Сәтбаев ескерткішінің алып тастайтыны туралы дәйексіз ақпарат тарады, бірақ ол алынбайды. Satbayev University-дің негізгі кіреберісіне қарай 50 метрге ауыстырылады. Бұл шешім сараптамалық бағалаудан кейін қабылданды: жаңа локация монументті неғұрлым көрнекті етіп, оның символдық мәнін айқындай түседі», деп жазылған almatynews_kaz парақшасында.
Бұл идеяға қарсы болған алматылықтар да бар. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл шешімді қызу талқылап жатыр.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының бұйрығымен Бағанашылдағы балалар үйі көшірілмейтін болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық