Алматыдағы балалар үйін жалмаған өрт: Әмина Әжібаева алаяқтарға ескерту жасады
Коллаж: Orda.kz
Алматыдағы «Перзент» балалар үйінде болған өрттен кейін ұйым басшысы Әмина Әжібаева әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, жылу жинап жүрген алаяқтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
9 қараша күні Алматыдағы «Перзент» балалар үйінде өрт шықты. Тілсіз жау асхана жақтан басталған. Айта кетейік, бұл балалар үйінің негізін қалаушы мыңдаған балаға қамқорлық танытып келе жатқан Әмина Әжібаева.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт болған сәтте ғимаратта адамдар болмаған.
«Тәрбиеленушілер дер кезінде эвакуацияланып, қауіпсіз жерде көшірілді», – деп мәлімдеді ТЖМ.
Ал бүгін Әжібаева әлеуметтік желіге шығып, көпшілікке үндеуін айтты. Ол осы қайғылы сәтті пайдаланып жан-жақтан балалар үйіне «көмек» деп ақша жинайтында көбейіп кете ме деп қауіптенеді.
«Мен балалардың көмірін әкеліп алайын деп кеткен едім. Бір кезде маған үй өртеніп жатыр деген хабар келді. Сол арада қайтып келсем 4-5 сағаттан бері өртеніп жатыр екен. Осы орайда айтарым, біздің баратын жеріміз бар, балалар аман-есен. Біз ешкімнен көмек сұрап жатқан жоқпыз. Осы жағдайды пайдаланып, ақша жинайтын әрекеттеріңді тоқтатыңдар. Керек болып жатса өзім айтамын. Баратын жеріміз бар, қазір үйден түк қалмады өртеніп кетті бәрі», – деді Әжібаева.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық