Алматыдағы атышулы жол апатына айыпты үйқамаққа жіберілетін болды
Фото: Видеодан кадр
Алматыда 26 маусымда болған жеңіл көлік пен автобус соқтығысқан жол апатында ереже бұзды деп ұсталған Әнел Сартаева тергеу кезінде үйқамаққа жіберілетін болды.
Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлады.
Бүгін сотта аппеляциялық ұсыныс қаралып, тергеу кезінде Сартаева үйқамақта болып, баласына қамқорлық көрсете алатын болды. Бұл туралы адвокат Қанат Әлсейіт өзінің instagram парақшасында жариялады.
Еске сала кетейік, 26 маусымда Алматы қаласында болған апат кезінде 1 адам қаза тауып, 16 адам медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Абайсызда апатқа себепкер болған Әнел Сартаева оқиға орнынан кетпей, полиция қызметкерлеріне материал жинауға көмектесті. Оны уақытша қамау изоляторына қамады. Сартаева өкініп, кінәсін түгел мойындады. Артынша Сартаеваның жас ана екені анықталды. 4 айлық нәрестенің сүтке аллергиясы болған соң, туыстары оны уақытша қамау изоляторына әкеліп жүрді.
«Бас бостандығынан айыру орындарында ана мен балаға қаншалықты жағдай жасалған және бұл шешім қаншалықты әділ?» деген сұраққа жауап іздеп, мақала жазған болатынбыз. Мақалада белгілі психосарапшы Анна Құдиярова нәресте психикасына бұл жағдай қаншалықты әсер ететінін және автобус жүргізушілерінің психологиясы мен жол апатының себептерін саралап, бейсанадағы өлімге құштарлық туралы әңгімелеп берді.
Еске сала кетейік, Әнел Сартаеваға апат кезінде қайтыс болған жігіттің жақындары жеңіл жаза беруді сұраған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық