Алматыдағы әскери бөлімнен қашқан сарбаз Семейде ұсталды
Фото: Elements envanto
Алматыдағы әскери бөлімнен өз бетімен кетіп қалған сарбаз Б. Семей қаласынан табылды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта оны жергілікті полиция қызметкерлері ұстап, әскери полицияға тапсырды. Құқық қорғау органдары оның не себепті борышынан бас тартып, белгісіз бағытқа кеткенін анықтап жатыр.
2006 жылы туған Б. 2025 жылдың сәуірінде Екібастұз қаласынан әскерге шақырылған. Павлодар облысы Екібастұз қаласына бет бұрып, Семей арқылы сол жаққа баруды жоспарлауы мүмкін деген болжам бар.
Ол Алматы қаласындағы 61993 әскери бөлімінде қызмет еткен. 23 маусым күні он сарбаздан құралған жұмыс тобымен бірге Алматыдағы Орталық спорт клубына (ЦСКА-ға) іссапарға жіберілген. Алайда 27 маусымда кешкі сағат 20:00 шамасында Алматыдағы әскери бөлімге қайтуы тиіс болған сарбаз саптан табылмай, бейнебақылау арқылы сағат 17:21-де Орталық спорт клубының бақылау-өткізу пунктінен жалғыз шыққаны анықталған.
Іздестіру жұмыстары бірден басталып, бір күннен кейін ол Семей қаласынан ұсталды.
Қазіргі таңда әскери полиция тергеу жүргізіп жатыр. Сарбаздың әрекетіне құқықтық баға тергеу нәтижесі бойынша берілмек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық