Алматыдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері өз үйлерін қалай қорғап қалды?
Фото: Orda.kz
Алматыдағы №1 балалар үйінің бірнеше түлегі мен демеушілері, тәрбиеленушілері және белсенділері мекеменің Қонаев қаласына көшірілуіне қарсы шықты. Олар балалар үйінің алдына жиналып, бұл туралы журналистерге мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Балалар үйін Қонаев қаласына көшіреді деген ақпаратты естігеннен бері әлеуметтік желіде дабыл қағып жүрген осы балалар үйінің түлегі Бибігүл Мамайдың айтуынша, басшылық балалар үйінің басқа жаққа көшірілетінін 3 жыл бұрын білген. Сонымен қатар, бұл мекемеге демеушілік жасайтындардың да қатары көп екен. Олар үшін де бұл жаңалық кенеттен болған.
Жиналған қауым бұл жерді экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаевамен байланысы бар адамдар иемденгенін айтты.
«Біз – еріктілер, демеушілер, түлектер, белсенділерміз. Көп жылдан бері осында келіп, балалармен кездесіп, сөйлесіп тұрамыз. Бірақ бүгін балаларды бізден оқшаулады. Тәрбиешілер бейтарап ұстанымда, себебі жұмыс орындарынан айырылып қалудан қорқып отыр. Бұл өте ыңғайлы жер, біз осында балаларды көруге дағдыландық, олар да бізге үйренді», – деді демеуші Юлия Нестерова.
Алматыдағы №1 балалар үйінде шамамен 150 тәрбиеленуші бар. Балалардың айтуынша, аумақта өсіп тұрған шамамен 120 ағаш пен 20 шақты шырша кесілген. Журналистер басшылықпен кездесіп, мән-жайды білу үшін мекемеге кіруге тырысты. Алайда, оларды ішке кіргізбеді.
«Мен көшуге қарсымын. Жаңа ғимараттың қалай салынып жатқанын көрдім. Түрменің қасы мен батпақ арасында салынып жатыр. Ал мұнда бізге тегін медициналық көмек көрсететін көптеген жеке ауруханалар бар. Менің ойымша, ол жаққа бейімделу ұзақ уақыт алады. Жанында су қоймасы бар, су тасқыны болуы да мүмкін ғой. Балалар да көшуге қарсы. Біздің көз алдымызда балалар үйінің аумағына өзіміз еккен ағаштарды кесіп тастады», – деді балалар үйінің тәрбиеленушісі Анатолий Вилкин.
Артынан, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева өзінің әлеуметтік желісінде балалардың ешқайда көшірілмейтінін жазды.
«Бағанашылда орналасқан балалар үйінде тұратын балалар сол балалар үйінде қалады», – деді Зәкиева.
Сондай-ақ, Закиева әлеуметтік желіде жазба жариялағаннан кейін, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіпті. (Айта кетейік, журналистер балалар үйінің алдына жиналған балалардың басым көпшілігін кездесуге алып кетті деген болатын.) Әкімнің айтуынша, Алматыда оқып жүрген тәрбиеленушілер сол жерде қалса, жаңадан қабылданатын балалар Қонаев қаласына жіберіледі.
«Балалар Алматыда қалғысы келетіндерін айтты, өйткені жаңа ортаға бейімделу және әлеуметтік ортадан ажырау олардың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Бұл фактор шешім қабылдауда басты назарға алынды. №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыда қалады, ал жаңадан келетін балалар Қонаев қаласындағы заманауи кешенге орналастырылады», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық