Алматыда жылу жүйесі жарылып, үш көше ыстық су мен жылусыз қалды
Алматыда Сайын көшесінің оңтүстік-батысында, Ұлықбек көшесінің қиылысында жылу жүйесі жарылды.
«Алматы жылу желілері» ЖШС-нің апаттық бригадалары жарылыс салдарын тоқтатты. Аталған жылу жүйесіндегі апат салдарынан Ұлықбек – Сайын – Жандосов – Ясауи көшелерінің тұрғындары жылусыз, ыстық сусыз қалды.
«Диаметрі 700 мм құбырдың зақымдануын жою үшін Ұлықбек - Сайын - Жандосов - Ясауи көшелері тізбегінде ыстық су мен жылу беру уақытша тоқтатылды. Жақын арада «Алматы жылу желілері» ЖШС көмегімен ақау салдарын жою жоспарлануда» деп хабарлайды «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда, мысалы, су немесе будың шығуы кезінде алматылықтардан өз бетінше әрекет жасамауды және оқиға туралы «АлТС» ЖШС жедел-диспетчерлік қызметіне тәулік бойы телефон нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз: +7 727 3780665 немесе +7 727 341 0777, қоңыраулар сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық