Алматыда жол апатынан төрт адам көз жұмды
Алматы облысында жол апатынан Toyota көлігінің үш жолаушысы мен жүргізушісі қайтыс болды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.
Бұл туралы Orda.kz. хабарлады.
Адам өліміне алып келген апат болған жерден түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды. Оқиға 24 наурыз күні сағат 14.00 шамасында Қапшағай-Бақанас жолында орын алған.
Алматы облысының полиция департаментінің алдын-ала мәліметтері бойынша Toyota Land Crusier көлігінің 58 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Mark II көлігімен соқтығысқан.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Mark II көлігінің үш жолаушысы мен Toyota Land Crusier жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Toyota Mark II жүргізушісі мен Toyota Land Crusier жолаушысы Қапшағайдағы ауруханаға орналастырылды, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыратын жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша тіркелді.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық