Алматыда жоғарғы сынып оқушылары 1-сынып оқушысын зорлады

cover Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласындағы мектептердің бірінде 7-сынып оқушылары 1-сынып оқушысын сабақтан кейін зорлаған.

«Алматы қаласындағы жекеменшік мектептегі 12 баладан тұратын сыныпта 7-сыныптың үш оқушысы бірінші сынып оқушысын бірнеше күн бойы сабақтан алып шығып, дәретханада зорлаған. Мұғалім баланы жіберген, ештеңе көрмеген, күдіктенбеген, сұмдық!» дейді құқық қорғаушы Дина Смаилова.

Зардап шеккен баланың әкесі оқиға туралы екі апта бұрын білген. Олар бірден полицияға шағым түсірген.

«21 сәуірде баланың әкесі Наурызбай аудандық полиция бөліміне арыз жазды. Сол күні арыз «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді» деді Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Іс бойынша тергеу амалдары басталған. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар