Алматыда ЖЭО-3 газ тарату стансасының құрылысы аяқталды
Сурет: QazaqGaz
«Интергаз Орталық Азия» АҚ ЖЭО-3 автоматты газ тарату стансасының құрылысын аяқтады. Автоматтандырылған газ тарату станциясының өнімділігі сағатына 150 мың текше метрді құрайды, деп хабарлайды Orda.kz
AГТС-3-ті QazaqGaz еншілес кәсіпорны «Интергаз Орталық Азия» АҚ салған. Кіретін қысымның шамасы 5,4 мегапаскаль (Мпа), шығыс қысымы 1,2 МПа болады.

Нысан ЖЭО-3-ті көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін қажет. Қаланың өзінде және оның төңірегіндегі ауаның ластануын азайту арқылы алматылықтардың өмір сүру сапасы мен жалпы мегаполис экологиясы жақсарады деп күтілуде. Сонымен қатар, ол күннен-күнге өсіп келе жатқан энергия тұтыну сұранысын өтейді деген сенім бар.
QazaqGaz Қазақстан – Қытай және Алматы – Байсерке – Талғар халықаралық газ құбырлары арасындағы ЖЭО-2 үшін АГТС және «Қайрат» газ өткізгіш құбыры құрылысын аяқтады. Барлығы Алматы энергетикалық кешенінің газ инфрақұрылымын дайындау аясында жүзеге асырылды.
Ұлттық компания қызметкерлері ұзындығы 62,4 шақырым болатын «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының екінші желісінің құрылысын мерзімінен бұрын атқаруда. Құбыр Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларын, оның ішінде 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-ны табиғи газбен сенімді және үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ төтенше жағдайларды болдырмаудың бірден-бір мүмкіндігі.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ еншілес кәсіпорны АГТС-тен станцияның өзіне дейінгі жоғары қысымды жерасты газ құбырының құрылысын аяқтауда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық