Алматыда жер сілкінісі дабылдары қосылды

cover Фото: Tengrinews.kz

Алматылықтар 23 ақпанда жер сілкінісін сезінді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Қытайда.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сезімталдық екі-ақ балл болған.

«Сейсмикалық стансалар желісі 2024 жылғы 23 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 10.08-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы - 5,2» делінген ведомство хабарламасында.

Бір қызығы, осымен қатар бүгін Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығулар өтті. Қалада халықты ескерту жүйесі жұмыс істеді. Төтенше жағдайлар министрлігінің ұсыныстарына қарамастан, қала тұрғындары оқу-жаттығуға қатысуға шақыруға салғырттық танытты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар