Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам көз жұмды
Фото: freepik.com
Қайғылы оқиға Алматы – Винсовхоз – Чапай автожолының 15-шақырымында болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, 24 жастағы Chevrolet Nexia көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Соққыдан кейін жеңіл көлік инерция салдарынан өзімен бір бағытта келе жатқан Chery Tiggo автокөлігін де соққан.
«Жол апаты салдарынан Chevrolet Nexia жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оның екі жолаушысы, сондай-ақ Chery Tiggo көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», деп хабарлады полиция өкілдері.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Астанадағы көпір үстінде бірнеше көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық