Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті
Фото: Ашық дереккөзден
Алматыда бес жасар бала жеке клиникада жасалған сүндеттеу рәсімінен кейін тіндердің некрозымен ауруханаға түсті. Ата-анасы асқынулар операция кезінде жіберілген қателіктерден болған деп санайды, алайда хирург бұл айыптауларды мойындамайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ал процедура жүргізілген медициналық мекеме қазірдің өзінде жұмысын тоқтатқанын КТК телеарнасы хабарлады.
Бейсеновтер отбасының айтуынша, осы оқиғадан кейін соңғы жарты жылда олар үнемі ауруханаға жүгінуге мәжбүр болған. Баланың әкесінің сөзінше, бәрі қаладағы жеке клиникалардың бірінде жасалған жоспарлы сүндеттеу отас\сынан кейін басталған.
Оның айтуынша, дәрігер операция бір сағаттан аз уақыт алады және жеңіл наркозбен жүргізіледі деп сендірген. Ата-анасы бұл шарттарға келіскен, себебі бес жасар Омарға аутизм диагнозы қойылған, сол себепті ол көктамырға салынатын инъекцияларды ауыр қабылдайды.
Операциядан кейін бала үйіне жіберілген, алайда әкесі оның қолында ине іздерін байқаған. Дәрігер бірнеше күн бойы таңуға келіп тұруды ұсынған.
Үш күннен кейін, туыстарының айтуынша, баланың жағдайы күрт нашарлаған — жыныс мүшесінің басы қарайып кеткен. Бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, дәрігерлер тін некрозын анықтап, операция жасаған. Қазір, туыстарының айтуынша, балада зәр шығару да қиын соғып отыр.
Ата-анасы асқынулар операция барысында жіберілген қателік салдары деп есептейді. Олар медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне шағым түсіріп, хирургты жауапкершілікке тартуды талап еткен.
Алайда дәрігер бұл айыптауларды жоққа шығарды. Оның айтуынша, егер асқыну операция немесе анестезия кезіндегі қателіктерден болса, ол алғашқы тәулікте-ақ байқалар еді. Сондай-ақ ол баланың анасының айтуынша, үйде марганцовка ерітіндісі қолданылған, бұл тіндердің жағдайына әсер етуі мүмкін екен.
Қазіргі уақытта медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті тексеру жүргізіп, болған жағдайға баға беруі тиіс. Ал баланың ата-анасы ота жасалған клиника қазірдің өзінде жабылып қалғанын айтады.
Оқи отырыңыз:
- Түркістан облысында жалған айғақ беруге азғырған адвокат сотталды
- Опырылған Кеген-Нарынқол күре жолының жағдайы қандай?
- Миллион оқырманы бар қытайлық блогерге Тоқаев атынан «Достық» ордені табысталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық