Алматыда жас жігіт қызы тастап кеткені үшін оны соққыға жықты
Алматыда жас жігіт бұрынғы қызын соққының астына алды. Қыздың құрбысы полицейлер әрекетсіздік танытқаны туралы хабарлады.
4 ақпаннан 5 ақпанға қараған күні кешке бойжеткенді бұрынғы жігіті ұрып кеткен.
«Оның есімі Батырбек. Олар бір ай бұрын айырылысқан. Сол күні жігіт күні бойы қызды аңдыған. Сағат кешкі 9-ға қарай ол құрбысының үйіне тырнақ жасатуға келген. Ол жақтан түнгі сағат 2-де қайтқан, себебі шай ішуге қалып қалған. Жігіт күні бойы кіреберісте оны күтіп тұрған. Содан соң қыздан оған мүмкіндік беруін сұрап, сөйлесуге тырысқан. Артынан қалмай, қыздың чемодандарын үйіне дейін жеткізіп берген.
Үйге кіріп бара жатқанда қыз онымен ары қарай қарым-қатынасты жалғастырғысы келмейтінін айтқан. Осы кезде ол қыздың телефонын тартып алып, оған шабуыл жасаған. Содан соң жәбірленуші полиция мен жедел жәрдем шақырады. Ал полиция бұл тұрмыстық жайт деп, жігітке ештеңе болмайтынын айтқан» деп жазды «Не Молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.
Желіде тараған видеодан ер адамның қызды ұрып, артынша басынан тепкенін көруге болады.
Белгілі болғандай, тергеуді Әуезов аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.
«Қыздың алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, нәтижелері бойынша болған оқиғаға баға беріліп, түпкілікті шешім қабылданады» деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық