Алматыда «Жас қанат 2023» байқауы аяқталды
Республика сарайында өткен биылғы байқау жаңартылған түрге ие заман талабына сай формада өтті.
Финалда қатысушылар белгілі композитор, дирижер және өңдеуші Илья Башкатовтың жетекшілігімен Live-тобының сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Илья Башкатовтың тобымен сайысқа қатысушылардың барлығы тамаша өнер көрсетті.
Екі жарыс күніндегі дауыс беру қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 8 қатысушы финалға шықты. Айта кету керек, бұл жігіттер бірінші жарыс күні өздерін бірден көрсете білді. Финал кезінде қазылар алқасы бірауыздан қай орынды кімге беру керектігін даусыз шешті.
Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев атындағы жаңадан тағайындалған Гран-при – байқудың жаңалығы десек те болады. Оны атыраулық Ерназар Жұбан алды. Алтын қанат (1-орын) ақтөбелік Нарғыз Жанұзақоваға, күміс (2-орын) алматылық Беназир Әлімқожаеваға, қола (3-орын) алматылық Алмагүл Батталиеваға бұйырды.

Тағы төрт жеңімпаз аталды, олар: оралдық Аружан Бисембай, петропавлдық Нариман Жұлдасбеков, павлодарлық Мәдина Қабдолла және шымкенттік Нұрасыл Сатыбалды.
Қазылар алқасының кейбір мүшелері өз жүлделерін белгіледі. Медеу Арынбаев өз жүлдесін екі қатысушыға – петропавлдық Нариман Жұлдасбеков пен оралдық Аружан Бисембайға қазақ ән дәстүріне деген сүйіспеншілігі үшін берді. Ренат Ғайсин шығармашылық ынтымақтастықта Нұрасыл Сатыбалдыны өз қанатының астына алуды ұйғарды.
Байғали Серкебаев болса өзінің Emporio Music Fest музыкалық фестивалі арнайы жүлдесін (мағынасы танылмаған таланттарды қолдау) Ерназар Жұбанға табыс етті. Ол енді 5-7 шілде аралығында өтетін ең танымал джаз фестивалі Montreux Jazz Festival қатыысады, оған әлемнің ең әйгілі музыканттары келеді.
Финалдан тыс қалған «Жас қанат» байқауының 12 қатысушысы осы мәртебелі байқауға қатысқаны туралы диплом-сертификаттарға ие болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық