Алматыда жаңа саябақ пайда болады

cover Фото: Алматы әкімдігі

Оның ауданы 0,3 гектар болады. Жеке инвестор оны әлеуметтік жауапкершілік аясында өз қаражатына жабдықтайды.

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Саябақ Сейфуллин даңғылы мен Мәметова көшесінің қиылысында орналасады. Компания бұл учаскедегі апатты жағдайдағы екі тұрғын үй мен тергеу изоляторын бұзып үлгерген. Сондай-ақ саябақ үшін қала билігі 35 қожайынның мүлкін сатып алады.

Құрылыс жұмыстары қазан айында басталып, барлық қажетті жұмыстар аяқталады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар