Алматыда жалған екпе төлқұжатын берген медициналық мекемелер анықталды
Алматы қаласының медициналық мекемелерінде вакцинаның жалған төлқұжаттарын беріп отырған медицина қызметкерлерінің жолы кесілді.
Полицейлер ZOOM-да өткен жиналыс барысында вакцина төлқұжаттарына байланысты істі үнемі бақылауда ұстап, анықтап отыратындықтарын айтты.
Бұл туралы Orda.kz порталы Polisia.kz.-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу барысында № 21, № 4, № 16 және № 13 қалалық емханалардың жалпы дәрігерлеріне қатысты қылмыстық істер қаралуда.
— Іс жүзінде азаматтарға жалған вакцина жасау көріністері анықталды. Дәрігерлер жалпы базаға бірінші компонент ретінде дозаны алу туралы жалған деректерді енгізді. Сондай-ақ олар вакциналау бөлмесінде бейнебақылау камерасы болған жағдайда, екпені салғандай көрініс жасап, ине салынған орынды пластырмен жапқан, - деді Алматы қаласы ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Ол жалған құжаттарды жасағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін, ал оны қолданғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу туралы бап бар екенін еске салды.
Сонымен қатар жоғарыда аталған азаматтардың іс-әрекеттерінде «қызметтік жалғандық» белгілері бар, бір сөзбен айтқанда, ресми құжаттарға қасақана жалған ақпараттар енгізілген.
Жаңалықтар
- «Жасанды Күн»: Қытай әлемдегі ең ірі термоядролық магнит жасады
- «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компания басшылары 7,7 млрд теңге сыйақы алды
- Алматы облысындағы ойын бизнесінен бюджетке 25 млрд теңге түсті
- Қостанайдағы интернатта 14 жастағы бала көз жұмды: Қызметкерлер аптап ыстық пен кондиционердің жоқтығына шағымданды
- Алматы көшелерінде автобустар не үшін қаңтарылып тұр?
- Тәжікстанда қара хиджабқа тыйым салынып, сақалдыларға бақылау күшейді
- Іздеуде болған мерзімді әскери қызметші ұсталды: Ол әскери полицияға не айтты?
- Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударғандарға 7 миллион теңгеге дейін төленеді
- Алматы маңында жер сілкінді
- Сурхандарияда қызын қорлап, нәжіс жеуге мәжбүрлеген әкеге қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды