Алматыда жаңа туған нәресте мен анасы көз жұмды
Алматы облысы Сарыөзек ауылында келіншек пен оның жаңа туған нәрестесі ауруханада көз жұмды. Марқұмның туыстары іс бойынша қылмыстық тергеу бастауды талап етуде.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Бір күн бұрын әлеуметтік желіде жас жігіт әйелі мен баласының өлімі туралы айтып видео жариялады. Ол 1 қазан төртінші баласын босанып жатқан жұбайын аудандық перзентханаға әкеледі. Бір аптадан кейін әйел босану кезінде белгісіз себептермен қайтыс болды.
Босанған әйелдің өліміне облыстық денсаулық сақтау басқармасында түсініктеме берілді. Онда 37 жастағы әйелдің жүктіліктің 41-ші аптасында Кербұлақ аудандық ауруханасының босану бөліміне түскені хабарланды.
– Ауруханада жүкті әйел қатаң бақылауда болды. 7 қазанда күндізгі екіде жиі толғақ басталды. 18:40-та ол ауырсынып, басы айналып, әлсіздікке шағымданды. Интенсивті терапияға қарамастан, науқастың жүрегі тоқтап, 21:45-те дәрігерлер өлім туралы хабарлады, - деді Алматы облысы денсаулық сақтау баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлім Әубәкірова.
Келіншектің ішіндегі сәбиі ота кезінде өлі туылған.
Белгілі болғандай, облыстық денсаулық сақтау басқармасы Кербұлақ ауруханасы дәрігерлерінің әрекетіне тексеру ұйымдастырды.
Облыстық полиция департаменті жағдайды бақылауда ұстайтынын және сараптаманың нәтижесін күтетінін, олар бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданатынын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық