Алматыда жаңа «Намыс» партиясының алғашқы съезі өтті
Қонақтарды күтіп тұрған қоғам қайраткері Санжар Боқаев бейне үндеу түсіріп: «Бізге жаңа партия мен жаңа адамдар керек. Бізде бәрі тамаша болады!» деп күлімсіреп, маңызды оқиғаны күтіп тұрғанын айтты.
Кейбір деректерге қарағанда, съезде мыңға жуық адам жиналды. Жиналғандарға кештің қысқаша бағдарламасы ұсынылды. Боқаев ең алдымен адал, тәуелсіз және әділ сот жүйесін құрмақшы. Сонымен бірге құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштер жүйесінде реформалар жасамақ. Оған қоса, әрине, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз соғыс жариялауға ниетті. Қоғам белсендісі өз сөзінде адамның құқықтары мен бостандықтары бірінші орында тұруы керектігін айтты.
— Бізде бәрі бар екенін түсінеміз, бірақ бізді ең бастысы – шындық жоқ. Билік көп жерде айла-шарғы жасап, алдап соғып жатыр. Ал біздің бұған үйреніп кеткеніміз сонша, бәрі қалыпты жағдайға айналды. Біз еркіндігімізді жоғалттық, құқықтарымыз бен мүмкіндіктерімізден айрыла бастадық, - деді Боқаев.

Партияның күн тәртібінде тұрған негізгі кезеңдердің бірі – толық саяси трансформация. Яғни, жаңа партиялар, тәуелсіз сайлау жүйесі және қала әкімдерін жалпыға бірдей сайлау.
Боқаев сонымен қатар қазақстандықтар сапалы медициналық қызмет пен лайықты білім алуы керек деп санайды. Қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті жалақысы, ал жастардың жұмыс істеу мүмкіндігі болуы керек деді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық