Алматыда «Жаңа Қазақстанды» қолдау акциясы өтті
Ғылым академиясының алдындағы аумаққа мыңға жуық адам жиналды.
Алматылықтар бүгін Ғылым академиясының алдына жиналды. Ресми ашылу басталмай жатып-ақ, Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдындағы алаң келушілерге толды. Бастысы аталған аумаққа 1000-нан астам адам сияды.

Жиынға қатысушылар – ұстаздар, студенттер, медицина қызметкерлері «Біздің күшіміз бірлікте», «Біз радикализмге қарсымыз», «Президетпен бірге» плакаттарын алып шыққан.
Кейбіреулер өздерімен бірге Аманат партиясының логотипі бейнеленген жалауларды ала келген.
Мәжіліс депутаттары Саясат Нұрбек пен Айдос Сарым жиынға қатысып, келушілерге қолдау білдірді.
Сахнадан «Суперпрезиденттік республикадан мықты парламенті бар президенттік республикаға көшеміз!» деген ұрандар естілді. Бүгінгі Алматының ауа-райы көңіл көншітерлік емес, жауын-шашын болуы да ықтимал.

Колледж оқытушысы Нұрсұлу Жаппарқалиқызы ел игілігі үшін «Аманат» партиясын қолдау қажет деп есептейді. Жиын туралы ол мұғалім болып жұмыс істейтін досынан естіген. Көптеген студенттер біздің тілшілерге акцияға өз еріктерімен келгендерін, бұл туралы әлеуметтік желіден білгендерін айтты. Дегенмен студенттердің көбі шаруалары барын айтып, тез тарай бастады.
Жиынға қатысушылар ыстық тамақ тарату пунктін ұйымдастырды. Тілек білдірушілерге ыстық шай мен бауырсақ ұсынылды. Алаңда 8 дәретхана орнатылған. Ал сахнада мезгіл-мезгіл музыкалық шығармалар ойнатылып жатты.

Тележүргізуші Сергей Пономарев сахнадан сөз сөйлеп, Украина мен Ресей арасындағы әскери қақтығыс тақырыбын қозғады.
— Екі бауырлас славян халқы соғысуда. Бұл оқиға менің жаныма батады. Жазықсыз адамдар қырылып жатыр. Қазақстан бұдан сабақ алуы керек. Біздің де жанжалдасқанымызды қалайтын мықты, ықпалды көршілеріміз бар екенін ескеруіміз керек, – деді Сергей Пономарев сахнадан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық