Алматыда жәрдемақы алуға көмектесемін деп алдаған әйел ұсталды
Алматы қаласының тұрғындарын мүгедектік бойынша жәрдемақы алуға көмектесуге уәде беріп, алдаған 46 жастағы әйел ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Ахановтың айтуынша, 1975 жылы туған азамат бұндай іске бірінші рет барып отырған жоқ. Ол бұған дейін де төрт рет істі болған. Күдікті өз құрбандарымен әртүрлі медициналық мекемелерде танысады. Соңғы рет ол қала ауруханаларының бірінде емделіп жатқан кезінде қасында жатқан адаммен танысқан.
Жәбірленушімен бір палатада жатқан ол өмір бойына мүгедектік туралы анықтама алуға көмектесетініне сендірген. Нәтижесінде зардап шегуші 660 мың теңгесінен айрылған.
«Басында жәбірленуші тіпті алданғанын да сезбеген, алаяқ әйел телефон қоңырауына жауап бермей кеткен кезде ғана істің дұрыс емес екенін түсініп, полицияға хабарласуға мәжбүр болған», - деді Дидар Аханов.
Қылмыс жоспары өте қарапайым. Күдікті - Қарағанды облысының тумасы осындай алаяқтық жолмен еш қиындықсыз көп ақша тапқысы келген. Оның ойы іске асып, осындай жолмен үш миллион теңгеден аса пайда тапқан.
«Күдікті қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша жүргізілуде. Қазіргі уақытта осыған ұқсас тоғыз эпизод дәлелденді. Бірақ біз бұл тізімнің соңы емес деп ойлаймыз, сондықтан осы азаматшаны білетін және оның әрекеттерінен зардап шеккендердің барлығынан 254-44-62, +7 707 447 0750 телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз», - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық