Алматыда «Үздік инновациялық стартаптар» байқауы өткізілді
Алматыда жас өнертапқыштардың «Үздік инновациялық стартаптар» байқауы өтті. Сайыс Jas Otan коворкинг орталығында Creative Jastar жобасы аясында жүргізілді.
Іс-шарада еліміздің Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен кездесу аясында макеттер көрмесі ұйымдастырылды.
Шарада Nur Otan партиясының Алматы қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасынан Темірлан Мадиев, сондай-ақ кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Абзал Өмірбай конкурсқа қатысушы жастардың жобаларымен танысты.
Іріктеудің бірнеше кезеңінен өткен үздік 25 қатысушы қазылар алқасы, сарапшылар мен демеушілердің алдында 12 номинация бойынша өз жобаларын қорғады. Іс-шара барысында жастардың инновациялық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ еліміздің креативті экономикасын дамытуға бағытталған 500 жобаның ішінен 25 үздік жоба топ жарды.
Сонымен қатар шара барысында стоматологиялық және медициналық тренажерлар өндірісі бойынша жобалар, қаладағы экологиялық жағдайға қарсы күрес бойынша жобалар, инновациялық ақылды үй жүйесі, бөлмедегі ауаны тазартуға арналған бризер өндірісі, алдағы іс-шаралар туралы ақпараттандыру үшін мобильді қосымша әзірлеу, ерекше адамдарға арналған орталық құру, елде туризмді дамыту бойынша жобалар таныстырылды.
Сондай-ақ көрмеге әлеуетті инвесторлар мен демеушілер де өздерінің стартап жобаларын әкелді. Бұған дейін Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен CREATIVЕ JASTAR жобасы қолға алынғандығы хабарланған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық