Алматыда заңсыз салынған 2 ғимарат бұзылады
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда сот шешіміне сәйкес заңсыз салынған 2 ірі ғимарат бұзылады.
Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев өзінің Facebook парақшасына жариялады.
2005 жылы Достық даңғылы 170/1 мекен-жайында ғимарат құрылысы басталды. Бүгінге дейін оның қаңқасы ғана тұрды. Сонымен қатар, Абай даңғылындағы көпқабатты үй де қаңырап тұр. Әкімдік сотқа жүгініп, бұл ғимараттарды бұзуға рұқсат алды.
«2023 жылы 2 мамырда заңсыз салынған сауда орталықтарын бұзу туралы шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде қала бойынша 36 заңсыз нысан бұзылды. Оның ішінде бизнес-орталықтар, мейрамханалар мен автосервистер, «Мечта» және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері болды», – деді Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев.
Сондай-ақ, Алматы әкімдігі «Қазақстан» қонақ үйі иесін субұрқақтың жартысын «рұқсатсыз» бассейнге айналдырғаны үшін сотқа берді деген ақпарат тарады. ҚР заңнамасына сәйкес қаланың тарихи ғимараттарын және орындарын өзгертуге болмайды. Тек реставрация жүргізіп қалпына келтіруге, жаңартуға болады. Ал «Қазақстан» қонақ үйі субұрқақтың жартысына бассейн салдырып, айналасын бұталармен қоршап, көлегейлеп қойған. Бассейн суретін 10 маусымда Almaty Tour Studio туристік компаниясының Instagram парақшасы жариялады.
Алайда «Қазақстан» қонақ үйі субұрқаққа қатысты мәлімдемелердің жалған ақпарат екенін, бассейнді субұрқақтың орнына емес, түнгі клубтың орнына салынғанын айтты.
«Біздің команда осы құрылысты бастағанда эстетикалық көркемдігін ескере отырып, әр қадамын ойластырып басты. Бассейнге шомылу жайлы ойымыз жоспарымыздың бір бөлігі болып қала береді. Жалпы, туристердің жақсы демалуын ғана емес, демалыс орнының сәулеті жағынан көркемдігіне де баса мән беріп отырмыз. Біз үшін қала тұрғындарының ұсыныстары, арыз-шағымдары өте маңызды және әрқашан тыңдауға әзірміз. Көпшілікпен бұл мәселеде ашық тілдесуге дайынбыз және бірлесіп қаламызды көркейтетінімізге сенеміз», –деді «Қазақстан» қонақ үйінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты
- FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерін жаз бойы тоқтатты