Алматыда заңсыз тұрғызылған 12 қабатты үй сот шешімімен сүріледі
Алматыда заңсыз тұрғызылған 12 қабатты үй сот шешімімен бұзылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
«Шұғыла» ықшамауданы, Байтелі батыр көшесі бойында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй кешенінің төңірегіндегі сот процестері былтыр жаздан бері жалғасып келеді. Нәтижесінде сот Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратты бұзу туралы талап арызын қанағаттандырды.
«Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 18 наурыздағы шешімімен Алматы қаласы әкімдігінің талап арызын қанағаттандырылып, заңсыз салынған 12 қабатты тұрғын үйді бұзу туралы шешім қабылданды. «ART-TECHNOSS» ЖШС-мен сот процесі өткен жылдың маусым айынан бері жалғасуда» делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Азаматтардың өтініші бойынша сот ісін жүргізуге дейін қала құрылысын бақылау бөлімімен тексеру жүргізіліп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар жасалды.
Іс сотқа жіберілді, алайда 2021 жылдың 9 желтоқсанында сот талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды. Бірақ кейіннен шағым қайта қаралып, талап қанағаттандырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық