Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады
Алатау ауданындағы «Алматы-3» станциясының құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешенінің бір бөлігіне айналады.
Бұл туралы әкімдік хабарлады.
Жоба Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспарына енгізілген.
«Жаңа теміржол платформасы жолаушылар мен жүк ағынын қайта бөлуге және қосымша пойыздарды қосуға мүмкіндік береді. Бұл қаланың жол инфрақұрылымындағы көлік жүктемесін азайтады» делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Жаңа теміржол платформасын салуға арналған алаң «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-на тиесілі магистральдық желіде орналасқан.
«Платформаны «Қазақстан темір жолы» компаниясы салады. Бiздiң негiзгi мiндетiмiз стансаның өзі мен станса аймағын РДП құрамына енгiзу болды. Қазір екі апта бұрын жарияланған Көлік негіздеріне сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде»,- деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.
Құрылыс 2027 жылға дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық