Алматыдағы жаңа шектеу шаралары 13 наурыздан бастап күшіне енеді
13 наурызда Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа жарлығы күшіне енеді. Алматы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта болғандықтан, қосымша шектеулер енгізілуде.
Көлік құралдары
13 және 14 наурыздан басқа күндері қоғамдық көліктер мен жолаушылар пойызының жұмысына рұқсат берілді.
13 және 14 наурыз қоғамдық көліктер мен метрополитен және қалааралық тұрақты автобустардың жұмысына шектеу қойылды.
Қоғамдық тамақтану
Қоғамдық тамақтану орындары 9.00-ден 20.00-ге дейін 50% сыйымдылықпен жұмыс істейді. Ал сауда орталығында орналасқан тамақтану орындары сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейді.
Сауда және қызмет көрсету
- ӘКК, сауда үйлері, сауда желілері (сенбі, жексенбіден басқа күндері);
- Азық-түлік дүкендері, минимаркеттер;
- Супермаркеттер, гипермаркеттер сағат 06.00-ден 02.00-ге дейін;
- Жексенбіден басқа күндері ашық базарлар;
- Сенбі, жексенбіден басқа күндері жабық базарлар;
- Банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» бөлімшелері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
- Сұлулық салоны, шаштараз, маникюр және педикюр салоны;
- Байланыссыз қызметтер (көлік жуу, автокөлік жөндеу, тұрмыстық техника, сағаттар, телефондар, компьютерлер, аяқ киім, тігін ательелері, кір жуатын орындар, химиялық тазартқыштар, кілттер жасау және басқалары);
- Бизнес орталықтар, сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтерлік және консультациялық қызметтер, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар;
- Гүл сататын дүкендер, фотосалондар;
- Медициналық ұйымдар мен дәріханалар;
- Балабақшалар кезекші топтарда 15 адамға дейін;
- Топта 15 адамнан тұратын балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары;
- Қонақ үйлер, шипажайлық ұйымдар, демалыс орталықтары сыйымдылығы 80%-дан аспаса жұмыс істеуге рұқсат берілді.
Көңіл көтеру, спорттық, мәдени және басқа шаралар
- Діни іс-шараларға көпшіліктің жиналуынсыз
- Спорттық шараларды тек көрерменсіз өткізуге
- Спорттық кешендер, сауықтыру орталықтары және фитнес орталықтарына (сенбі мен жексенбіден басқа)
- Сауналар, курорттық орталықтар, бассейндер (тек Ashyq пилоттық жобасымен) сенбі мен жексенбіден басқа күндері
- Қоғамдық моншалар
- Бильярд бөлмелері (тек Ashyq пилоттық жобасымен)
- Боулинг клубтары (тек Ashyq пилоттық жобасымен)
- Компьютерлік клубтар (тек Ashyq пилоттық жобасымен)
- Мұражайлар мен кітапханалар
- Хайуанаттар бағы
- Шымбұлақ, Медеу, Көк-Төбе
- Маска режимі мен арақашықтықты сақтай отырып, тауларға 15 адамнан аспайтын топқа шығуға болады. Жоғарыда аталған санаттағы нысандар жұмысына рұқсат берілді.
Ал цирк, караоке, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, ойын алаңдары, тойлар, мешіттердегі жұма намазына тыйым салынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық