Алматыдағы тергеу изоляторында күдікті өзіне қол салды
Фото: ашық дереккөзден
27 қаңтарда полицияға 35 жастағы әйел хабарласып, жүйелі түрде топтық зорлау әрекеттеріне ұшырағанын айтып шағымданады. Полиция жәбірленушіні бірнеше күн қамауда ұстағанын анықтайды.
Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, бейтаныс ер адамның оны төрт күн бойы Саялы ықшамауданындағы пәтерінде жәбірленушіні күштеп ұстап, бірнеше рет зорлап келгені арызда айтылған.

Одан әрі арызданушы 25 қаңтарда бұл азамат өзінің досымен бірге Алмалы ауданындағы тұрғын үйлердің біріндегі жалдамалы пәтерге әкеліп, қатты ұрып-соғып, бірнеше рет зорлағанын көрсетеді.
Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің «Бір топ адамдар жасаған зорлау» бабы бойынша арызды тіркеді.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1988 және 1981 жылы туған ер адамдар ұсталды.
«Алмалы ауданы ПБ камерасында ұстау кезінде 1988 жылы туылған ер адам қамауға алынғаннан кейін екі сағаттан соң көйлегінің жеңімен асылып, өз-өзіне қол жұмсады» деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Өз-өзіне қол жұмсау фактісі уақытша ұстау изоляторында орнатылған бейнебақылау камерасына түсірілген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық