Алматыдағы техникалық қызмет көрсету станциясында 20 көлік өртеніп кетті
Сурет www.gov.kz сайтынан алынды
Алматыдағы техникалық қызмет көрсету станциясындағы өрт cалдарынан 20 автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды ORDA. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«02 ақпанда 18 сағат 52 минутта Алматы қаласы ТЖ департаментi күштерi мен құралдары Бостандық ауданы Сәтпаев көшесi 139 мекенжайына жедел шақыртумен жiберiлдi.
Өрт сөндipушiлер келгенде Техникалық қызмет көрсету орталығы ашық жалынға оранып, солтүстік жағындағы гараждарға, оңтүстік жағындағы «Ройал Петрол» ЖҚС-на өрт таралу қаупі туындады. Оған қоса ТҚО аумағында орналасқан автокөлiктерге өрт жайылу қаупi туындады», - делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, өрт кезінде 20-ға жуық көлік жанып кеткен. Төрт автомобиль зақымданды, тағы 15 көлік эвакуацияланды. Өрт аумағы шамамен 600 шаршы метрді құрады. Кірме жолдарды тазарту үшін 109 құтқару қызметінің құралдары қолданылды.
23:09-де өрт оқшауланып, 23:47-де тұтастай сөндірілді. Өрт сөндіру қызметі өрттің жанармай бекетінде таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық