Алматыдағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтары үнсіз қойылды
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған салтанатты шара дәстүрлі түрде Республика алаңында өтті.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бастаған билік өкілдері «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шараға сонымен қатар қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Бақытжан Сағынтаев үнсіз гүл дестесін қойды да, сөз сөйлеген жоқ. Сондай-ақ, 1986 және 2011 жылдардағы оқиғаларға ешкім тоқталған жоқ.
Әкім сөздің орнына шараға жиналғандармен амандасып, әңгімелесті, олармен суретке түсті.
Билік өкілдерінен бөлек желтоқсандықтар, партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері, ауған жауынгерлері мен чернобыльдықтар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының өкілдері гүл шоқтарын қойды.

Дәл қазір Алматыдағы Республика алаңы маңында мобильді интернет өшірілген.
Полицейлер Желтоқсан көшесі – Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі жолды жауып тастады. Сәтбаев көшесінде Наурызбай батыр көшесінен басталып көлік қозғалысы жабылды.
Билік дәстүрлі түрде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» акциясы жоспарланған уақытта интернетті бұғаттады (қозғалысқа Қазақстанда сот тыйым салған, бірақ Еуропарламенттің қарарларында ол «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп көрсетілген).
Дегенмен Жанболат Мамай бастаған тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының өкілдері митинг өткізуді жоспарлап отыр.
Қазір 1986 жылғы оқиғаға қатысушылар мен олардың жанұялары гүл шоқтарын қоюда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық