Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталған үш баланың әкесі босатылды
Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталған Тимур Ким тергеу изоляторынан шықты.
2022 жылдың 9 қаңтарынан бері оның әйелі Ләйлім Әбілдаева отағасын босатуды сұрап жүр. Оның айтуынша, бұрын айып тағылған бап қайта қаралып жатыр. Қазір Тимур Ким отбасымен үйде.
– Іс Бас прокуратурада қаралды. Тергеушілер барлық көршілерінен, таныстарынан сұхбат алды, барлық бейнежазбаларды көрді. Ол сағат нешеде кетіп қалды, қайда болды, не істеді бәрін білді. Айғақтардың барлығы оның тәртіпсіздіктерге қатысы жоқ екенін көрсетті. Қазір оған «Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу» бойынша айып тағылып отыр, - деді әйелі.
Әбілдаева 9 қаңтар күні сағат 19.00 шамасында бетперде киіп, автомат ұстаған 10 шақты адам олардың үйіне басып кіріп, үш баланың көзінше отағасын ұра бастағанын айтқан еді. Содан кейін оны белгісіз бағытқа алып кеткен. Әйелі күйеуін бірнеше аптадан кейін ғана тапты.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, кейін ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының 4-бөлігі бойынша лаңкестік жасады деген күдікпен ұсталған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық