Алматыдағы тұрақтардың бірінде белгісіз біреулер ер адамды соққыға жыққан
Алматы тұрғыны көлік тұрағында шыққан жанжал нәтижесінде белгісіз біреулер оның бауырын соққыға жыққанын мәлімдеп, куәгерлерге іздеу салды.
Оқиға 5 желтоқсан күні сағат 21:00 шамасында Алатау ауданында орын алып, бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеоны зардап шегушінің туыстары әлеуметтік желіге жариялады. Олар соққының «Алматы Арена» спорт кешеніне қарама-қарсы орналасқан «Алмалы» тұрғын үй кешенінің ауласында болғанын мәлімдеді.
«43 жастағы ер адам 27 жастағы інімді соққыға жыққан. Алдымен олар тұрақта ұрысып қалған, кейін ер адам інімді балалар алаңына апарып, есін жоғалтқанша ұрған. Ер адам жалғыз болмаған. Қазір інімнің жағдайы ауыр. Дәрігерлер бас сүйегінің сынғанын және бас миының контузиясын растады. Біз куәгерлерді іздеп жатырмыз» деп жазды зардап шегушінің туысы.
Қалалық полиция басқармасы бұл фактіні растап, оқиғаның «Ақбұлақ» шағын ауданында болғанын алға тартты.
«Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді» дейді тәртіп сақшылары.
Айта кетсек, жоғарыда аталған бап бойынша кінәлілер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық