Алматыдағы митинг кезінде бірнеше адам соққыға жығылған
Тіркелмеген «Демократиялық партияның» үш белсендісін арнайы жедел әрекет ету жасағы (СОБР) жауынгерлері соққыға жықты.
Бұл туралы Orda.kz редакциясына Демпартия жақтаушысы Инга Иманбай хабарлады.
– Журналистер кеткеннен кейін (ескі алаңдағы ҚДТ жариялаған митингіге дейін), арнайы полиция жасағы (ОМОН) бәрін жаппай ұстай бастады. Үшеуін ұсталды, қалғандары сол сәтте қарсылық көрсетті. Олар Абзал Достияровты, Теміртас Нығматуллаевты, Рысбек Тоқтасынды соққының астына алды. ОМОН мен белсенділер арасында қақтығыс орын ала жаздап барып, басылды, - деді Инга Иманбай.
Иманбайдың айтуынша, Данияр Достияров пен Рысбек Тоқтасынды митинг алаңынан автозакпен алып кеткен, үшіншісінің аты-жөні нақтылануда.
– Үш адам сол жерде ұсталды. Арнайы полиция жасағы қоршауды босата салысымен Жанболат пен қалған белсенділер полиция бөліміне барды, - деп қосты Иманбай.
6 шілдеде Алматыда тіркелмеген Қазақстанның Демократиялық партиясының митингісі өтті. Наразылық білдірушілер Қазақстандағы қытай зауыттарын салудан бас тартуды, сондай-ақ билік басындағы саясаткерлерді ауыстыруды талап етті. Митинг бастала салысымен полиция митингтің рұқсат етілмегендігін еске салып, тарап кетуді талап етті. Наразылық білдірушілер бас тартты. Осыдан кейін полиция қызметкерлері мен белсенділер арасындағы қақтығыс басталды, нәтижесінде арнайы жасақ жиынға қатысушыларды кеттлингке алып, 10 сағат ұстады. Осы уақыт аралығында белсенділер мен полиция қызметкерлері арасында ұрыс-керіс пен қақтығыстар жиі болып тұрды.
Авторы: Бағдат Асылбек
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық