Алматыдағы лаңкестік әрекеттерден келтірілген шығын алдын ала есептелді
Фото: Orda.kz
Алматыдағы лаңкестік әрекеттер кезінде келтірілген шығын 112,6 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында мәлім етті.
Оның айтуынша, келтірілген шығынды анықтау жұмыстары әлі жалғасуда.
Келтірілген залалдың ішінде:
- 67 млрд теңге кәсіпкерлік субъектілеріне,
- 22,6 млрд теңге әкімшілік ғимараттарға,
- 16,7 млрд теңге материалдық-техникалық базаға,
- 1,9 млрд теңге көліктерге тиесілі.
Зардап шеккен қызметкерлерге өтемақы 617,5 млн теңгені құрады.
Кәсіпкерлік субъектілеріне келетін болсақ, шағын және орта бизнес субъектілеріне 42 млрд теңге, ірі субъектілерге – 25 млрд теңге зиян келген.
Зиянның басым бөлігі азық-түлік емес дүкендерде тіркелген – 20,9 млрд теңге:
- азық-түлік дүкендеріне – 5,7 млрд теңге,
- қару-жарақ дүкендеріне – 6,4 млрд теңге,
- ломбардтарға – 2,9 млрд теңге,
- қоғамдық тамақтандыру нысандарына – 1,8 млрд теңге,
- қаржы ұйымдарына – 702 млн теңге залал келтірілген.
Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залал бүгінде 24,9 млрд теңгені құрап отыр.
Мамандардың айтуынша, әкімдік ғимаратына 20 млрд теңге, прокуратураға 2 млрд теңге, полиция ғимараттарына 205 млн теңге, экопосттарға 163 млн теңге және медициналық мекемелерге 2 млн теңге шығын келтірілген.
«Алдын ала материалдық-техникалық базаға келтірілген залал 16,7 млрд теңгені құрады. Полиция бөлімшесінің техникалық құралдары мен қару-жарақтары (16 млрд) бүлінген. «Сергек» жүйесіне келтірілген шығын алдын ала 250 млн теңгені құрап отыр» деді Ілияс Өсеров.
Оның айтуынша, аудандар тұрғысында кәсіпкерлік субъектілеріне ең көп зиян Алмалы ауданында (20,5 млрд теңге) тіркелген. Одан кейін Әуезов (20,1 млрд) және Бостандық (17,3 млрд) аудандары келеді. Ең азы Наурызбай ауданында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық