Алматыдағы Есентай-сити аумағында көшкін жүру қаупі бар
Сәулетші Айдар Ерғалидің айтуынша, егер алдын-алу жұмыстары жасалмаса, жақын арада қайғылы жағдай орын алуы мүмкін.
Бұл туралы маманның Facebook парақшасына сілтеме жасай отырып, Orda.kz. хабарлайды.
Айдар Ерғалидің бақылаулары бойынша, тау бір уақытта барлық жағынан құлауы мүмкін: көптеген жерлерде жарықтар пайда болып, топырақ жылжуы байқалады. Көзбен көруге болатын көптеген жарықшақтанған сызықтарға қарап, табиғат қазірдің өзінде ескерту жасап жатқанын сезуге болады.

— Біздің тау бөктерінде құрылыс салу мүлдем мүмкін емес, өйткені онда көшкін қаупі бар. Бұл тас аралас тау жыныстары емес, ертең тау суы мен жаңбырдан майлы ботқаға айналатын жұмсақ топырақ, - деп жазды Айдар Ерғали Facebook парақшасында.
Маманның айтуынша, егер өсімдік қабатын жетілдіріп, ағаштар отырғызып, бұталармен нығайтса ғана мәселенің алдын алуға болады. Сондықтан да кеңес уақытында бұндай жерлерге құрылыс салынбаған, тек алма, алмұрт сияқты жеміс ағаштары отырғызылған. Бұл өте қисынды және ақылға қонымды шешім.
Бірақ содан кейін ақымақ және ашкөз адамдар билікке келді, тау етегінде саяжайлар мен коттедждер пайда бола бастады, кәріз жүйесі жоқ тұтас аудандар пайда болды. Шұңқырларда жиналған жаңбыр суы мен жүйесіз кәріз сулары көп мөлшерде жерге сіңе бастады. Ол жерде су өткізбейтін қабаттар да бар, жиналған су топырақ қабатын жібітіп, адам өміріне үлкен қауіп төндіреді, - деп түсіндірді Айдар Ерғали.
Сарапшының пікірінше, ең өрескел ереже бұзушылық Сұңқар тауында, ол жерге алып трамплиндер салынған.

— Бұл тауда, яғни көшкінді беткейлерге құрылыс салуға қатаң тыйым салынған. Бірақ ең бастысы су ағар (дренаж) жасалынған жоқ. Яғни, су ағып кететін науалар болмағандықтан аққан су толығымен сазға сіңіп, тауды бұзады, - деп толықтырды автор.
Сонымен қатар маман таудың барлық жағына тұтастай зиян келтіріліп, көп жерлердің шөгіп бара жатқаны мен ешқандай нығайту жұмыстары жүргізілмегеніне қынжылады. Оның айтуынша, шұғыл түрде су ағатын жүйе жасап, жер үсті суларын бұру қажет.

— Шаңғы жолдарын қоса, бүкіл ашық жерді бетондап, болмаса қандай да бір жолмен жабу қажет. Таудың айналасында ұңғымалар бұрғылау арқылы ол жерді құрғақ ұстау үшін жер асты суларын үнемі сорып немесе ағызып отыру қажет. Кең ауқымды зерттеулер жүргізу керек. Білмеймін, ол үшін тауды жауып, жақын маңдағы үйлердегі адамдарды эвакуациялау қажет болуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейін, таудың айналасында, жақын жерде, көптеген адамдар тұрады. «Есентай-сити» коттедж қалашығының құрылыс ауқымына қарағанда болашақта бұл қауіпті аймақта одан да көп адам өмір сүретін сияқты, - деп сөзін аяқтады Ерғали.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық