Алматыдағы Боранбаев фирмаларының бақылауындағы ақылы автотұрақтар мемлекетке қайтарылды
Алматыдағы Дариға Назарбаеваның құдасы, олигарх Қайрат Боранбаев фирмаларының бақылауында болған ақылы автотұрақтар мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы әкімдігіне монополиядан шығару және ықтимал залалды өтеу мақсатында компания иелерінен «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС акцияларының 70 пайызын және «AlanParking» ЖШС-нің 100 пайыздық үлесін қалаға қайтару туралы ұсыныс түсті. Алматы қаласының әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғарыда аталған компаниялардың акцияларын қайтару туралы қаулы қабылдады» делінген хабарламада.
«Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС бірыңғай оператор ретінде қаланың бес ауданында (Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб) орналасқан тротуарлар тұрақтарына қызмет көрсетуге маманданған. Бұрын бұл ЖШС-нің 30 пайызы әкімдікке тиесілі болатын.
« AlanParking» ЖШС үш ауданда (Алатау, Бостандық, Жетісу) орналасқан автотұрақтарға қызмет көрсететін бірыңғай оператор болып табылады. ЖШС толықтай жеке меншікте болды.
«Бүгінде ақылы автотұрақ жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Қаулыға сәйкес, ағымдағы жылдың 25 сәуірінен бастап ақылы автотұрақ қызметінен түсетін барлық кірістер қалалық бюджетке бағытталады. Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі қаланың автотұрақ аймағын ұйымдастыру бойынша бірыңғай оператор құру жұмыстарын бастады. Қолданыстағы заңнамада белгіленген рұқсаттарды алу мерзімдерін, сондай-ақ монополияға қарсы органдармен келісу қажеттілігін ескере отырып, 2022 жылдың 1 тамызына дейін бірыңғай оператор құрылады» деп толықтырды қала билігі.
Сондай-ақ, «Алматы тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ақылы автотұрақтардың жұмысын жақсарту бойынша кешенді шаралар қолға алынатыны» айтылды.
«Алдағы уақытта халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, қалалық автотұрақ кеңістігін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және ақылы автотұрақтардан түсетін кірісті көшелер мен аулаларды абаттандыруға пайдалану жоспарлануда. Сондай-ақ қордаланып қалған мәселелерді шешу үшін қалада көпқабатты автотұрақтар салу басты назарда болмақ. Алматыда ақылы автотұрақ жүйесі алғаш рет 2016 жылы енгізілген. Жоғарыда аталған компаниялардың мәліметі бойынша ақылы автотұрақтардың қаржылық айналымы бір жылда орташа есеппен 1,4 млрд теңгені құраған.Қазіргі таңда компания басшыларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде» деп қосты қала әкімдігі.
Еске сала кетейік, 15 наурызда Боранбаевты Алматыда қаржы мониторингі агенттігінің орталық аппаратының қызметкерлері ұстаған. 16 наурызда Боранбаев Нұр-Сұлтанға жеткізілді. 17 наурызда белгілі заңгер, жер құқығы жөніндегі сарапшы Бақытжан Базарбек Алматының экс-әкімі мен «Нұр Отан» (қазіргі «Аманат») партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Боранбаевтың жер мәселесінде алаяқтық жасады деген күдігімен бөлісті. Сол күні Боранбаевтың ұсталғаны ресми түрде расталды.
Қайрат Боранбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы келіні Әлима Боранбаеваның әкесі.
14 сәуірде Алматы соты «AlanParking» ЖШС директоры Мұхтар Базарбаевты қамауға алуға рұқсат бергенін хабарлады. AlanParking – «RR2» ЖШС басқаратын ақылы автотұрақ операторы, оның түпкі иесі Боранбаев. Сәуірдің 18-і күні «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды. «Алматы спецтехпаркинг қызметі» де Боранбаевпен байланысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық