Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері жатақханадан шығарылады
Бірінші курс студенттеріне оффлайн режимде оқуға рұқсат етілді, жатақханада орын жеткіліксіз.
Алматыдағы Қазыбек би көшесінің бойында орналасқан Абай атындағы ҚазҰПУ-нің №3 жатақханасынан 2-3 курс студенттері шығарылады.
Университет студенттеріне ректораттың хабарлауынша, бірінші курс студенттеріне оффлайн режимде оқуға рұқсат етілген. Осыған байланысты олар жатақханаға орналастырылуы тиіс, бірақ орын жеткіліксіз. Сондықтан 2-3 курс студенттері басқа қаладан келгендіктеріне қарамастан жатақханадағы орындарын босатып берулері қажет.
Университет басшылығы мәселені шешудің жолын – пәтер жалдауға қаражаты жоқ 2-3 курс студенттерін жатақханадан шығару арқылы шешкен сыңайлы. Олар наурыздың 21-і, яғни Наурыз мейрамы күні бөлмелерін босатуы керек. Кетуге өтініш білдірілгендердің көпшілігі аз қамтылған отбасылардан шыққан және Алматыда туыстары жоқ. Сонымен қатар қаладағы пәтер бағасының да шарықтап кеткені де барлығына белгілі.
— Мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс студентімін. Бір жарым ай бұрын жатақханадан орын берілді. Енді 1 курс студенттері оффлайн оқу форматына көшкеніне байланысты 21 наурызға дейін жатақхананы босатуымыз керек. Санаулы күнде пәтерді қалай табамыз?! Дәл қазір бәрі қымбаттап тұрған кезде, - деді Orda.kz тілшісіне университет студенті.
Orda.kz тілшісі оқу орнының баспасөз қызметіне телефон шалды, басшылық оқиғаға қатысты түсініктеме беруге уәде берді. Алайда әзірге ешқандай жауап болған жоқ.
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі жағдайды анықтайтындықтарына уәде берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық