Алматыда Владимир Жириновскийге ескерткіш орнатылады
Фото: World Fashion Channel
Ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің 80 жылдығына орай саясаткер туған Алматы қаласында ескерткіш ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
ЛДПР партиясының негізін қалаушы Владимир Жириновскийге арналған ескерткіштер 2026 жылы бірнеше қалада орнатылады. ТАСС мәліметінше, саясаткердің туғанына 80 жыл толуын атап өту шараларын ұйымдастыру мен өткізуге арналған негізгі іс-шаралар жоспарының жобасында қарастырылған.
«Саясаткердің кіші Отаны Алматыда ескерткішінің ашылу салтанаты мен еске алу шарасы өтеді», – деп жазады ТАСС.
Жоспарға 2025 жылдың соңында басталатын бірнеше шара да енгізілген. Олардың қатарында брендтелген пойыздың жүруі және "Жириновский. Бастау" атты жаңа жылдық мерекелік отбасылық бағдарлама бар.
2026 жылы ескерткіштің ашылуынан басқа, саясаткер туралы кинофильмдер көрсетілімі, мектептер мен жоғары оқу орындарында "Жириновский" парламенттік сабақтары, биографиялық моноспектакльдің премьерасы, халықаралық ғылыми-эксперттік форум "Жириновский оқулары" және басқа да шаралар жоспарланған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық