Алматыда вирус жұқтыру қаупі жоғары
Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов онлайн брифинг барысында ауданның эпидемиологиялық ахуалына тоқталды, деп хабарлайды ORDA. тілшісі.
2020 жылы Бостандық ауданында барлығы 3 014 адам індет жұқтырған болса, биыл 681 адамнан коронавирус анықталды.
— Вирустың қайта өршуіне байланысты 2021 жылғы 10 наурыз күні Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің індеттің алдын-алуға бағытталған шараларды күшейту туралы қаулысы шықты. Алайда аталған қатаң шаралардың қажеттігін және адам денсаулығы үшін маңыздылығын барлық кәсіпкерлер жіті түсінбеген сияқты. Қабылданған қаулыға қарамастан көптеген түнгі клубтар, караоке барлар, компьютерлік клубтар өз жұмысын тоқтатпай, індеттің таралуына жол ашып отыр, - дейді ол.
Жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде ауру жұқтыру деңгейі 22% өскен, базарларда 13% артқан, қоғамдық көлікте жұқтыру қаупі 25% дейін жетіп отыр.
— Осы ретте ауданымыздағы мониторинг жұмыстарын күшейту мақсатында мониторингтік топтардың саны 4-тен 7-ге дейін ұлғайтылды. Ағымдағы жыл басынан бері аталған мониторингтік топтармен барлығы 1 233 нысан тексеріліп, 27 заңды тұлғаға қатысты 9,8 млн тенгенің және 144 жеке тұлғаға қатысты 6,3 млн тенгенің әкімшілік хаттамасы толтырылды, - дейді аудан әкімі.
Карантин режимін ең көп бұзатын нысандар: Караоке «Crystal», Гастробар «Gastreat», Рестобар «ВанГог», «Queer» түнгі клубы, «BE TO BEE» бары, «STRONG» компьютер клубы және тағы басқалары.
9 нысан бойынша тиісті материалдар сотқа жолданған. Оның 5-уі бойынша соттың шешімі шығарылыпты. Қалған 4 нысан бойынша тиісті шаралар жүргізілуде.
— Өткен демалыс күндері, яғни 13-14 наурыз күндері ауданда орналасқан барлық ірі сауда орталықтары жабылды. Қоғамдық көліктің жұмысына қатаң бақылау ұйымдастырылды. Жолаушылардың маска режимін сақтау туралы тәртібі қатаң бақылауда. Індетпен күрестің тиімді жолдарының бірі вакциналау екені белгілі. Бірінші кезекте 792 медицина қызметкерлері вакциналаудан сәтті өтті. Қазіргі таңда полиция және білім мекемелері қызметкерлері вакциналаудан өтуде, - деді спикер.
Сөз соңында ол аудан тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға шақырды.
— Алдымызда келе жатқан Наурыз мейрамында қала тұрғындары 5 күн демалатын болады. Бәріміз жақсы білетіндей, осы күндері халық бір-бірінің үйіне қонақ болып, көрісіп, мейрамды тойлап жатады. Алайда, қазіргі жағдайды ескере отырып, жауапкершілік танытып, жақын туған-туыстарымызды ойлап, мерекелік шаралардан бас тартып, көпшілік іс-шараларға қатыспағанымыз жөн. Осыны ескере отырып, аудан тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға шақырамын, - деді аудан әкімі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық