Алматыда ұшақ экипажының 4 мүшесі астан уланған
Алматыда ұшақ экипажының 4 мүшесі астан уланған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, «Алматы-Астана», «Астана-Алматы» және «Алматы-Семей» рейстерінде қызмет атқарған борт серіктері өздерін жайсыз сезініп, үшеуі ауруханаға түскен.
Біреуі үйінде емделуді жөн санапты. Қазір олардың жағдайы жақсы. Осы жайтқа қатысты тамақпен қамтамасыз ететін мекеменің цехында тексеріс жүргізілген.
Санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталып, оларға 1600 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Дегенмен, санитарлық-эпидемиологиялық департамент өкілдері экипаж мүшелерінің нақты борттағы тамақтан уланғанына күмән келтіріп отыр.
«Барлық қажетті талдаулар жүргізілді. Талдау нәтижесі теріс көрсеткіш берді. Олар қолданған тамақ өнімдерінің барлығынан ешқандай оң нәтиже шыққан жоқ. Осыған байланысты борттағы тамақтан улануды күдігі расталмады», - деді ДСМ Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы міндетін атқарушы Ақмарал Рамазанқызы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық