Алматыда Urlangan.kz сайты іске қосылды
Сайтта ұрланған компьютерлер, теледидарлар, планшеттер, телефондардың 100 мыңға жуық сериялық нөмірлері бар.
Соңғы үш жылда Алматы қаласында 10 мыңнан астам ұрлық жасалған. Қабылданған шараларға қарамастан бұл санаттағы қылмыстар жылдан жылға өсіп келеді. Басты себеп - ұрланған мүлікті кедергісіз сату мүмкіндігі, делінген Алматы прокуратурасының хабарламасында.
«Мыңдаған азаматтар компьютерлерді, планшеттерді, ұялы телефондарды және басқа да құрылғыларды сатып алып, алаяқтықтың құрбаны болады. Сатып алушылардың тауарды сатып алмас бұрын оның шыққан жерін тексеруге мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты Алматы қаласының прокуратурасы «Urlangan.kz» деп аталатын арнайы сайт құрды» деп атап өтті прокуратураның баспасөз қызметі.
Сайтта ұрланған компьютерлер, теледидарлар, планшеттер мен телефондардың 100 мыңға жуық сериялық нөмірлері жарияланған.
— Электрондық тізілім күмәнді тауарларды анықтауға көмектеседі. Егер телефон деректері онлайн деректер базасына енгізілсе және ол ұрланған болса, барлық деректер тізілімде автоматты түрде сақталады. Бұл кәсіпкерлер мен сатып алушыларды қорғаудың тиімді тетігі. Енді кәсіпкерлер пайдаланылған гаджеттерді сатып алғанда тәуекелге бармайды, – дейді Алматы қаласы бойынша ӨЖТ Алмалы филиалының директоры Темірлан Мәдиев.
Еске сала кетейік, Алматы қаласы прокуратурасы мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері тізілім құру идеясын қазан айының соңында айтқан болатын және бірлескен күш-жігердің арқасында тұтас деректер базасы құрылған. Енді жасаушылар азаматтардың бір сайтты пайдаланып, сатып алған гаджетін тексере алуы үшін тізілімді бүкіл ел бойынша біріктіруді жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық