Алматыда уланған адамдардың жағдайы белгілі болды
Фото: freepik.com
Алматы қаласындағы вокзалда 53 адамның, оның ішінде 11 баланың уланып қалуына байланысты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрдің мәліметінше, пойыздағылар табиғи газдан уланған.
«Барлығы 53 адам, оның ішінде балалар зардап шекті. Олардың барлығы зерттеп-қарау және қажетті медициналық көмек алу үшін қалалық стационарлардың қабылдау бөлімшелеріне уақытылы жеткізілді», — деді министр.
Зерттеп-қарау қорытындысы бойынша 11 бала емдеуге жатқызылған. Екеуінің жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөлімінде жатыр.
Ведомство басшысының айтуынша, емдеуге жатқызылған барлық пациентке қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.
«Олардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында, қауіпсіздік пен тұрақты динамиканы қамтамасыз ету үшін барлық қажетті ресурстар тартылған.
Біз жағдайды мұқият қадағалап, қаланың медициналық ұйымдарымен байланыста боламыз.» — деді Ақмарал Әлназарова.
Айта кетейік, 10 желтоқсанда Жетісу облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық