Алматыда туған әкесі өз қыздарын зорлап келген
Алматыда әкесі 11 жасынан бастап туған қызын зорлап, үлкен қызына 8 жыл қорлық көрсеткен.
«НеМолчи.kz» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Таңсәрі бұл оқиға туралы Facebook парақшасында жазды.
Үлкен әпкесі өзінің қорланғанын біліп, кішісі үшін қорқып жүрген. Алайда әкесі екі қызын да бірнеше рет зорлағаны белгілі болды.
«Анасы оқиға жайлы полиция бөлімінде бір-ақ естіген. Қыз әкесінің азаптауына шыдай алмай, үйден қашып кеткен. Кейіннен табылып, полицияға жеткізілген, сол жерде бәрін айтып берген. Анасы не болғанын тергеушінің кабинетінде ғана білген. Полиция қызды ата-анасы келмей тұрғанда сараптамаға апарғаны белгілі болды. Сараптама оны «зорланбаған» деп көрсеткенімен, шындығында, қыз баланы дұрыс тексермеген» деп жазды Таңсәрі.
Ол оқиғаның қашан басталғанын айтады.
«Әкесі 2009 жылы дүниеге келген кіші қызын алғаш рет 2020 жылдың 21 қыркүйегінде зорлаған, кейін тағы екі рет зорлық жасайды. Үлкен қызы 2003 жылы дүниеге келген, ол алғаш рет әкесінің зорлығынан 2015 жылы 12 жасында зардап шеккен, сонымен қатар әкесі оған бірнеше рет зорлық көрсеткен», - деді Дина Таңсәрі.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша іс қаралып жатқанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта жан-жақтылық және объективтілік қағидаттарына қатаң сәйкес жедел және тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде. Сонымен қатар тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды» деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жарияланбайды.
«ҚР Конституциясының 77- бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен анықталғанға дейін әрқайсы кінәсіз деп есептеледі» деп хабарлады олар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық