Алматыда төрт тегін мұз айдыны ашылды

cover

Алматыда төрт тегін мұз айдыны ашылды. Жаңа жылға таяу тағы екеуі жұмысқа кіріседі, деп хабарлады қала әкімдігі.

Мұз айдындары орналасқан жерлер:

Тұңғыш Президент саябағының алдында;

• Республика сарайының алдында;

• Таугүл, Ықылас, 8Д ықшамауданында;

• Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында, Шұғыла шағын ауданы, 347.

Келесі аптада №6 Оқушылар үйінің алдында, Сейфуллин көшесі 13 және  Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағында сырғанау алаңдары ашылады.

Мұз айдындарында конькиді екі сағатқа 1000 теңгеге жалға алуға болады. Мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді, коньки тарату пункттері жұмыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін, демалыс күндері 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар