Алматыдағы митинг: «Назарбаев, кет!» деп ұрандағандар полиция департаментіне келді
18 қыркүйек күні Алматыда Қазақстанда тіркелмеген Демократиялық партиясы бастамасымен митинг ұйымдастырылды. Бұл шараның бүгінгі қойып отырған негізгі талаптары — қазақстандық азаматтардың цифрлық құжаттарын СБЕРге өткізбеу, тілді қорғау, саяси тұтқындарды бостандыққа шығару, жердің шетелдіктіктер сатылмауы болды.
Оқиға орнынан Orda.kz журналистері тікелей ақпарат таратып жатыр.
Митинг басталмас бұрын, полиция Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамайды құрықтамақ болған. Бірақ партия қолдаушылары Мамайды қоршауға алып, полицияға алып кетуіне кедергі жасады.
Абай-Достық көшелерінің қиылысында Демпартия жақтаушылары Арон Атабеккке бостандық беру, қазақстандық азаматтардың цифрлық құжаттарын СБЕРге өткізбеу, тілді қорғау талаптарын айтып, митингке шықты. Шеру Абай театрының алдына дейін жалғасты. Іргелес аумақта полиция қызметкерлері тұр. Болжам бойынша, оқиға орнында желіні бұғаттайтын сөндіргіштері бар арнайы көліктер бар. Бұл БАҚ қызметіне үлкен кедергі жасады.
Митингке негізінен Жанболат Мамайдың жақтастары мен қоғам белсенділері жиналды. Белсенді Абзал Достияровпен қатар бірнеше белсенді арнайы жасақ арқылы ұсталды. Алдымен арнайы күштердің қызметкерлері жиналғандарды Абай ескерткішіне жібермей тізбекте тұрды.
Артынша митинг қатысушылары Абай-Достық көшелерінің қиылысынан кетіп, шеруді Шевченко көшесімен Тәуелсіздік ескерткішіне дейін жалғастырып, «Назарбаев кет!» деп ұрандатты.

Теуелсіздік алаңында біраз тұрған Демпартия жақтастары полиция департаментінің алдына келіп, партия белсенділері Абзал Достияров, Дәурен Достияров, Ырысбек Тоқтасын және Аружан Дүйсебаеваны босатуды талап етті.

Қазіргі уақытта митинг дәл полиция департаментінің алдында жалғасып жатыр.
Жиналған топқа Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов шықты. Оның айтуынша, Ырысбек Тоқтасын және Аружан Дүйсебаеваны босатуға дайын. Ал Абзал Достияров пен Дәурен Достияров үшін адвокаттары апелляцияға сұраныс жіберулері керек.
Мамай жақтастары айтылған шешімге мүлдем келіспей, ағайынды Достияровтарды босатуын талап етуде.
Мақала авторлары:
Бек Байтас
Ильдар Адильченов
Жандос Мәдениет
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық