Алматыда таулы аймақта құрылыс нормаларын бұза отырып салынған үйлер сүрілуде
Фото: gov.kz
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, «Жаңару» ЖК, 556 мекенжайында орналасқан блоктық тұрғын үйлер бұзылып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Үй иесіне (жеке тұлғаға) құрылыс жұмыстары басталғанға дейін таудың етегін кесіп, тіреу қабырғасын тұрғызғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шыққан, кейін сот арқылы мәжбүрлі түрде орындату туралы талап арыз берілген.
Одан кейін бақша үйлерін салуға берілген рұқсат құжаттарына сүйене отырып, меншік иесі екі блоктық тұрғын үйдің құрылысын бастаған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, нысанды «бақша үйі» ретінде пайдалануға берген, алайда бұл іс-әрекет бекітілген эскиздік жобаға сай келмеген.
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қолданып, 2024 жылдың 16 мамырында Бостандық аудандық сотына бастапқы рұқсат құжаттарын жою және нысанды сүру туралы талап арыз түсірген.
2025 жылдың 20 мамырында сот істері аяқталып, меншік иесінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады, және нысанды сүру туралы сот шешімі заңды күшіне енді.
Үйді сүру жұмыстары Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық