Алматыда Тасмағамбетов сатқан жер телімі заңсыз болып шықты
Фото: ҰҚШҰ
Иманғали Тасмағамбетов қол қойған жер телімі туралы келісім 20 жылдан кейін жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды Orda.kz.
2006 жылы Алматы қаласының Түрксіб ауданынан көпқабатты тұрғын үй салу үшін жер телімі сатылған еді.
Сатып алу-сату шартына сол кездегі қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов қол қойған. 2024 жылы сот бұл келісімді заңсыз деп таныды.
Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті әкімдіктің 2005 жылғы қаулысы мен кейінгі келісімдердің заңдылығына күмән келтіріп, сотқа жүгінген. Талап-арыз Алматы әкімдігіне, «Казахтрансстрой» ЖШС-не және жер телімінің қазіргі иесі Денис Колесниковке қарсы берілді. Даулы жердің көлемі – 0,0851 гектар, мекенжайы – Чернышевский көшесі, 2. Ол бастапқыда тұрғын үй салуға және пайдалануға берілген.
Сот отырысы барысында 2006 жылы бұл телімде жатақхана болғаны, ал кейбір бөлмелері жекешелендірілгені анықталды. Соған қарамастан, жер ғимаратсыз сатылған – бұл заңға қайшы. Сонымен қатар, сот талап қою мерзімі өтіп кетпеген деген шешімге келді. 2024 жылы Түрксіб ауданының прокуратурасы бұл келісім мен оған негіз болған әкімдік қаулысын жарамсыз деп тануды талап еткен.
Нәтижесінде сот Иманғали Тасмағамбетов пен «Казахтрансстрой» ЖШС арасында жасалған келісімді жарамсыз деп таныды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық